12.08.2014
Қазіргі таңда облыс аумағында «Азия Авто» АҚ (Өскемен қаласы) мен «СемАз» ЖШС (Семей қаласы) екі ірі кәсіпорын жұмыс істейді.
2015 жылы «Азия Авто Қазақстан» АҚ кәсіпорын аумағында толық автокөлік желісін жасап шығатын арнайы желіні іске қосады. Осы ретте жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс куаттылығы кезең-кезеңімен ұлғайтылады.
Ал, дәл сол жылы ««Алға» Қазақстандық автокөлік коорпорациясы» ЖШС «Howo» жүк көлігі өндірісі бойынша жобасын жүзеге асыра бастайды. Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысында елімізде өндірілетін автокөліктердің 50%-дан астамы шығарылатын болады.