• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Заңгерлік көмек online кеңес беру түрінде  www.egov.kz  сайтында орналасуы ықтимал 12.08.2014

«Статистика мәліметтері бойынша  www.egov.kz сайтын бір апта ішінде  (04.08.2014 пен 11.08.2014 аралығы) қарағандар саны  1 221 748, осы уақыт ішінде сайтқа кіргендер саны 68 498. Бұл көрсеткіштың арқасында халық арасында ХҚКО-ның арнайы сайттарын белсенді пайдаланушылардың артқандығын байқауға болады. Осындай тұлғаларға заңдық кеңестер де қажет. Ол үшін сайттың ішінде  «Е-кеңес» қосымшасы жасалған, бұл қосымша арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкінді туындайды.  Осыған орай, өкілетті мемлекеттік органға www.egov.kz сайтында қазақ тілінде «Заң кабинеті», орыс тілінде «Юридический кабинет» деп аталатын қосымшаны енгізу ұсынылды», - деді сөз басында бас директор.

Бұл парақшада заң компаниясы on-line режімінде құқықтық мәселелерге байланысты кеңестер бере алады. Аталған қосымша интернет беттері «Заң кабинеті» жобасының пәрменділігін анықтауға, тұлғалардың құқықтық сауаттылықтарын артыруға, сонымен қатар құзырлы мекеменің өзге де мақсаттарын жүзеге асыруға ықпалдасады. 

«Заң кабинеті» жобасы мемлекеттік құзырлы органның миссиясы мен қызметтерін тиімді орындауға көмек болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының халыққа жолдауында жария еткен тапсырмаларын жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бастысы, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеріп, құқықтық нигилизмді жоюға ықпал етеді», - деп ол түйіндеді.  

Индира Кауметова 


Back to the list