• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жекешелендірудің екінші толқынындағы электрондық сату жемқорлыққа жол бермейді – Өтепов 12.08.2014

«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы экономика және елдің әлеуметтік дамуына байланысты сұрақтар бойынша бірқатар тапсырма жүктеген болатын. Оның бірі жекешелендірудің екінші толқынына байланысты болды. Н. Назарбаев саудаға байланысты барлық үрдістің тазалығын қамтамасыз етуді және жемқорлыққа мүлдем жол бермеуді талап етті», - деді ол.

Э. Өтепов атап өткендей, сауда өткізудің жаңа пішіндері дайындалды.

«Үкімет, қаржы министрлігі және комитет сауда өткізудің жаңа пішіндерін дайындады. Ол аукцион, коммерциялық инвестициялық тендерлерге, қор биржасын сатуға бағытталған әрекеттегі заңнаманың тәртіптеріне сәйкес өткізіледі», - деді Э. Өтепов.

Сондай-ақ, комитет басшысы электронды сату жекешелендірудің екінші толқынына қатысушылардың басымдығы екенін атап өтті.

Индира Кауметова


Back to the list