12.08.2014
Қазақстандық топ-менеджерлер 4 аптаға созылған тәжірибеде өз бизнестерін одан ары дамыту, мемлекеттік қолдау аясында шетелдік әріптестермен байланыс орнату сынды бірегей мүмкіндікке ие болды.
Жобаға қатысушылар шетелдік байланысын нығайтып, басқару саласында тәжірибе алмасты.
«Біз көптеген тренингтерге қатыстық. Олардың ішінде немістердің кәсіпорындарын аралау өте тиімді болды. Мақсат жеке құрылымдардың міндетін үйрену, жұмысымен танысу және тәжірибе алмасу», - деп атап өтті жоба қатысушысы Мағжан Ералиев.