12.08.2014
Аукцион барысында қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарына жататын ірі қара мал сатылымға шығарылды. Бұл жерде шаруа қожалықтары өнімділік қасиеттері жоғары ең сапалы жануарларды сатып ала алды. Мал басы тез қоң жыйып, жеңіл төлдеуге, жайылымдарда бағылуға бейімделген.
Өткізілген аукционға 13 шаруашылық қатысты. Сатылымға 50 бас ірі қара, оның ішінде 35-і қазақ ақбас және 15-і әулиекөл тұқымына жатады. Жоғарыда айтылғандай, нәтижесінде 34 бас ірі қара сатылды, оның ішінде 25-і - қазақ ақбас және 9-ы әулиекөл тұқымының - ірі қарасы.
Ең жоғары бағамен сатылған малдың құны 700 мың теңгені құрады (3 бас). Қалған мал мынадай бағамен өткізілді: 650 мың (1 бас), 600 мың (5 бас), 550 мың (6 бас), 500 мың (15 бас), 450 мың (4 бас) теңге.