• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты әлемдік дағдарыстың алдын ала жағдайына алаңдауда 12.08.2014

Айта кетейік, жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар маңызды сұрақтарды көтерді.

«Елбасы Үкіметке елдегі экономикалық саясатты әлемге төніп келе жатқан дағдарысқа бейімдеуді тапсырған болатын. Атап айтар болсақ, әлемнің үздік банктерінің әлемдік экономиканың дамуы және қаржылай несиелік саясаты дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Бұл экономикалық өсімнің бәсеңдей түсуіне әкеліп соғады», - деді Л. Мұзапарова.

Оның айтуынша, дағдарыстың болуына алдын ала жоспарлар үш сала бойынша қалыптасады: макроэкономика, монитарлы және қаржы нарығы.

«Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Германияның қор нарықтарында дағдарыс күтілуде.Бұл Қазақстанға да әсер етуі мүмкін», - деді ол.

Мадина Нұрбекова


Back to the list