12.08.2014
«1.01.2014 жылғы жағдай бойынша 2000-2013 жылдары 99,8 пайыз егістік алаңы немесе 24 млн 180,46 мың га зерттелді. Оның ішінде суармалы егістік 292,25 мың га, 22 млн 888,21 мың га жер телімі», - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, 2007 жылдан 2013 жылға дейін 13 млн 149,1 мың га немесе 54,3 пайыз алаң зерттелді.
Е. Бәзілжанов атап өткендей, агрохимиялық зерттеу 2000 жылы егістіктерді зерттеуді бастады, қазір ол 3 деңгейде тұр.
«Бірінші кезең 2000-2002 жылдары өтті, 598,8 мың га немесе 2,5 пайыз алаң зерттелді. Екінші кезең 2003-2006 жылдар аралығында тендерлік негізде жеке лабораториялардың тексеруімен жүзеге асты. 10693,8 мың га немесе 44,2 пайыз алаң зерттелді», - деді ол.
Индира Кауметова