12.08.2014
2013 жылғы қыркүйек айынан бастап елімізде енгізілген бұл жүйенің артықшылығы сол, тұтынушы ХҚКО-ға келмей-ақ, 1414 байланыс орталығы арқылы бірден өтініш жасай алады. Осы мақсатта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Бірыңғай байланыс орталығының «ХҚКО» РМК мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне шығып, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара ықпалдастық регламенті бекітілген.
«Регламентке сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтар ББО-ның 1414 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы өтінім бере алады. Өтінім келіп түскеннен кейін, ББО-ның жауапты қызметкері 10 минут аралығында «ХҚКО» РМК жауапты қызметкерінің электронды мекенжайына тапсырысты жолдауы тиіс. Өтініш қабылданған сәттен бастап 72 сағат ішінде орындалу қажет», - деп мәлімдейді «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиал директорының міндетін атқарушы А.Тобаева.
Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді үй жағдайында көрсету жөніндегі жоба пилоттық режимде 2013 жылдың қараша айынан бастап Қызылода облысы бойынша іске қосылды.2014 жылдың 4-тоқсанында келіп түскен өтініш саны 142 болса, бұл көрсеткіш 2014 жылдың 1-тоқсанында 299-ға жеткен.