12.08.2014
Әкімдіктің мәліметі бойынша, Петровка ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында ұзындығы 3200 метр болатын су құбыры жүргізіліп, 31 құдық қойылды. «Бұл жобаның маңызы зор. Ол жергілікті жұртты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, олардың ауыз су мәселесін бір жолата шешуге мүмкіндік береді. Осы ретте барлық құрылыс жұмыстары кестеден ауытқымай, бөлінген бюджет қаржысы уақытылы игерілуі керек», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Сонымен қатар, әкім «Kazterm»ЖШС зауытында да болып қайтты. Айта керлерік айт, аталмыш кәсіпорын Қарағанды облысында ҮИИД МБ аясында жүзеге асырылған алғашқы жоба. Оның құны 950 млн теңге, өндіріс куаттылығы жылына 50 мың радиатор. Олар итальяндық өндріс техникасында жасалынады.
Тағы бір әлеуметтік маңызы бар жоба Петровка ауылында жүзеге асырыла бастады - ол 464 орынға есептелген орта мектептің құрылысы. Білім ошағы 2015 жылдың қыркүйек айында пайдалануға беріледі.
«Облыс әкімі атап өткендей, Бұқар жырау ауданының еңбекқор халқы үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл туралы 7 айдың даму қорытындысы айтып отыр. Мысалы, 2013 жылмен салыстырғанда үстіміздегі жылдың сәйкесінше кезеңінде өндіріс пен ауыл шаруашылығында физикалық көлем индексі артқан, салық түсімі молайып, шағын және орта бизнес едәуір дамыған», - делінген хабарламада.