• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылорда облысында мектептердің жылу маусымына дайындығы талқыланды 11.08.2014

Сондай-ақ, жылу маусымына дайындық барысын айтып берді.

Облыс әкімінің айтуынша, қазір облыста үш ауысымда білім беретін бірде-бір мектеп жоқ. 25 мектеп апатты жағдайда болатын. Биыл соның 14-і қайта салынуда. Қалғанын келер жылы саламыз. 58 білім ордасы күрделі жөндеуден өтуде.

«Бұрын сонды бір мезетте дәл мұндай жұмыс жасалған жоқ. Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды. Барлық мектеп оқушы қабылдауға дайын болуы керек», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыста 1096 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның 800-і  күрделі жөндеуді қажет етеді. «ҚР Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы шеңберінде үш жылда 57 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтті. Биыл 81 үй жөнделеді. 

 


Back to the list