11.08.2014
Жарысқа 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан, «Өрт сөндіруші» АҚ, Көкшетау техникалық институтынан және Тараз қаласының мамандандырылған колледжінен келген командалар қатысады.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионаттың бағдарламасына төрт түрлі жарыс кірді: оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100-метрлік жолақты еңсеру, 4х100 метрлік өрт сөндіру эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю.
Өрт-құтқару спортының салалары өрт-құтқарушылардың күнделікті қызметінен алынған және төтенше жағдайлар кезінде оларды бейнелеуге арналған.