11.08.2014
«Біз картоппен өзімізді толығымен қамтамасыз етудеміз, тіпті саудаға шығарсақ та болады. Жалпы, бүгінде көкеністер өнідірісі мен өсімі үшін барынша жағдай жасалуда. Бізде , мәселен бақша өнімдерін сату бойынша проблемалар бар, біздің ішқі нарық жеткіліксіз. Жасыратыны жоқ, біздің қарбыз мұхит асып келген өнімнен, сапасы, бағасы жағынан болсын анағұрлым жоғары. Сондықтанда осы салада өндірісті дамыту керек, себебі біздің мүмкіндігіміз басым», - деді ол.
И. Сауэр хабарлағандай, жақын арада картопты жинау науқаны басталады, осы ретте аталмыш өнімді сату бойынша проблемалар туындайды.
«Бір жарым ай өткен соң бізде картопты жинау науқаны басталады. Алайда сақтау қоймалардың аз болуына байланысты оларды сату бойынша үлкен проблемалар туындайды. Осы тұрғыда бағаның күрт өзгеруі байқалады, яғни ол күрт арзандап кетеді. Ал, біз болса оның бағасының барынша тұрақты болғанын қалаймыз», - деді И. Сауэр.
Сонымен қатар, ол Қазақстан нарығында соншалықты үлкен ауытқуларды күтудің қажеті жоқ, деп толықтырды.
Индира Кауметова