11.08.2014
Ведомствода хабарлағандай, құжаттандыру мен талдау жасау мақсатында жоспарланған ЮНИСЕФ-тің ұлттық сарапшылары тобымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарында сот процесстерін бақылау, мағлұматтар жинау, соттарда интервью алу шараларын орындау үшін Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қазақстандық сарапшы Даулет Жакаев келді. Іс-сапар барысында сарапшы Д. Жакаев соттың материалдық-техникалық базасымен танысып, сот төрағасы Р.Кусаиновпен, судьяларымен сұхбаттасты.
Сарапшылар іс-әрекетінің қорытындысы бойынша шолулар жасалып, ол Қазақстан Республикасының Жоғары Соты ЮНИСЕФ-пен бірігіп Астана қаласында осы жылдың қазан айында өткізетін «БҰҰ-ның балалар құқығы туралы Конвенциясының Қазақстан Республикасындағы 20 жылдығы: балалар мен отбасылардың сот төрелігіне қол жетімдігі» атты халықаралық конференциясында ұсынылатынын атап өту қажет.