• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
И. Сауэр: Қазақстан өзін толығымен сүтпен қамтамасыз етуге жақын 11.08.2014

 «Егер біз өзіміздің сүтті өңдей алатын болсақ, бұл жағдайда өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай деңгейге жақынбыз. Ал бүгінде ресми статистикаға сүйенсек, 70 %-ға жуық сүт өнімдерін шеттен жеткіземіз. Бұл дұрыс емес, бізге кооперация керек», - деді сөз басында И.Сауэр.

Оның айтуынша, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы субсидиялау тетіктерін қайта қарастыруға назар аударды.

«Мемлекет субсидия ретінде қомақты қаражат бөледі, мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған көптеген бағдарламалар бар. Президент нақты тапсырма берді. Қазір Ұлттық кәсіпкерлер палатасы үкіметпен бірлесіп ұсыныстар әзірлеп жатыр», - деп ол толықтырды.

Оның айтуынша, субсидиялау механизмін өзгерту керек.

«Бұл тұжырымдама тамыз айында дайын болады деп ойлаймын. Бұл 2-3 жылда өнім өндірісі және оны өңдеу бойынша жағдайды түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді», - деп түйіндеді ол.

Индира Кауметова


Back to the list