• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Біздің бизнес-қауымдастыққа  өндіріс кооперациясы жетіспейді  – Сауэр (Брифинг бейнебаяны) 11.08.2014

"Кооперациясыз біз алға жылжымаймыз, осы ретте заң керек, біз оны заңды тұрғыда шешуіміз керек. Әркім кооперациянын не екенін түсінуі керек",- деді журналистердің сұрағына жауап берген  Сауэр.

"Өкінішке орай, біздің бизнес қауымдастыққа  өндіріс кооперациясы жетіспейді. Бұл біздің ең осал тұсымыз, алайда бұл сұрақтың болашағы бар. Бұл мәселені шешуде біздің мүмкіндігіміз бен шыдамдылығымыз жетерлік ",- деп ол толықтырды.

Сонымен,  Сауэр ауылшаруашылығын несиелендіретін серіктестіктерді мысалға келтірді.

"Несиелік серіктестер құрылғанда оның құрамына бірнеше қатысушылар кіреді және олардың жауапкершілігі бірдей болады. Осыдан 15 жыл бұрын бірінші рет жекешелендіру жүргізілгенде  мұны елестету мүмкін емес болатын. Ал, бүгінде ол бар және табысты жұмыс істеп келеді ",- деп ол түйіндеді.

Мадина Нұрбекова


Back to the list