11.08.2014
«Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік қатысуы бар 8 мыңға жуық акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, еншілес компаниялар жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі жеке бизнес жұмыс істейтін нарықта жұмыс істейді. Осы ретте мемлекеттің басты міндеті бизнеспен бәсекелестікке түсу емес, оны дамыту. Ал, мемлекеттік қатысы бар кәсіпорындар мемлекет тарапынан үлкен басымдыққа ие», - дед ол.
Сонымен қатар, комитет төрағасы екінші жекешелендірудің басты себебіне тоқталды.
«Екінші жекешелендірудің басты себебі бәскекелестікті арттыру, яғни мемлекеттік кәсіпкерлікті азайту», - деп атап өтті Э. Өтепов.
Сондай-ақ, Э.Өтепов атап өткендей, екінші жекешелендіру аясында жеке бизнес қосымша кәсіпорындар мен қаржыны иеленеді.
«Кәсіпорындар бәсекеге қабілетті ортаға жіберіледі. Айта кетерлік жайт, жеке бизнес дайын, қалыптасқан кәсіпорындар мен қатар мемлекеттік кәсіпорындар бұрын соңды алып отырған қосымша қаржыны иеленетін болады», - деп сендірді комитет төрағасы.
Индира Кауметова