11.08.2014
«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы қозғаған тауар өндірушілерді кооперациялау сұрағы өте өзекті. Себебі, олар техника сатып алу кензінде үлкен кедергілерге ұрынады. Мәселен, оңтүстікте 2-3 га жерге ие ауыл шаруашылықтары бар, ол барлық айналымды қамтамасыз ете алмайды, сондықтан кооперация жасау өте маңызды», - деді ол.
Осыған орай директор Қазақстанда астық жинау жағдайы жақсарғандығын атап өтті, қазір осы сала бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Біз ауа райына қатысты жылына екі рет астық жинай алмаймыз. Бұл үрдіс Қытай мен оңтүстік өңірлерде жүзеге асады, біз бидайды 2 рет жинай алмаймыз, көкөніс жылыжайларын кеңейту қажет және оны жылына 2 рет емес, 3 рет жинайтындай жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, астық жинау мен оның сақталу орындарын да қадағалауға алу қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл істі қолға алды», - деді ол.
Сонымен қатар, ол астық жинауды жетілдіру үшін Қазақстанда заманауи технологияларды қолдану қажет.
Индира Кауметова