11.08.2014
Қаланың ресми порталы хабарлағандай, қазақстандық кәсіпорын бүгінде жұмысқа уақытша жалға алған нысанды дайындауда және тамыз айының соңында қажетті технологияларды орнатуды бастайтын болады. Ал, желтоқсан айының ортасына қарай алғашқы өнімін өндіреді.
"Жоба құны 1 миллион долларға пара-пар. Бастапқы кезде 10 түрлі тауарды өндіретін боламыз, кейіннен өндірістің түрін арттырамыз. Алғашқы кезеңде олар шайғыштар, әмбебап тазарту құралдары болады. Тазарту құралдары асхананы, есік, терезелерді тазартуға арналған», - деп хабарлады «Сан профи» ЖШС директоры Тимур Қайдаров.
Жалпы, зауыттың қуаттылығы жылына 700 тонна тауар және болашақта оның көлемі арттырылатын болады.
«Болашақта біз тауарлардың түрлерін арттыруды көздеп отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз мемлекеттік бағдарламаларға қатысу. Ал, жобаның әлеуметтік маңызы - сол екінші және үшінші топтағы мүгедектерді жұмыспен қамту. Сонымен қатар, әр сатылған тауардың құнынан бір теңдеген балалар үйінің қажеттілігіне қаражат аудармақшымыз», - деп толықтырды Т.Қайдаров