11.08.2014
ӨКП шарасы барысында еңбек заңнамасының негізі мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дайындаған келіссөздер дағдысын дамыту бойынша анықтамалық таныстырылды.
Еңбек саласын қадағалау департаментінің бөлім басшысы Болат Досымовтың айтуынша, Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтыруларға түсініктеме берілді.
«Еңбек қарым –қатынасы тұрақты емес, сондықтан да әлеуметтік-экономикалық тәртіптер де үнемі өзгеріске ұшырап тұрады. ҚР Президенті талаптарды күшейтіп, қызметкерлердің еңбек құқығын бұзбайуға ескерту жасайтын Заңға қол қойды», - деді Болат Досымов.