• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Сот органдары қызметкерлеріне заманауи электрондық жүйелерді қолдану бойынша семинар өткізілді 10.08.2014

 «Жоғарғы Сот тұрғындар үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Сот кабинеті» электрондық сервисін сәтті енгізіп, жүзеге асыруда. Сот жүйесіне заманауи технологияларды ендіру мен пайдалану сот ісін жүргізуді оңайлатып, бюрократтық кедергілерді жойып, сот жүйесінің қызметкерлерінің азаматтармен  байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың алдын алады және ел тұрғындары үшін сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығына толықтай қол жеткізуіне септігін тигізеді» - делінген хабарламада.

Семинарда шақырылған адвокаттар алқасы мен «Қазпочта» АҚ өкілдері сот жүйесінің электронды жаңа енгізілімдері туралы, атап айтқанда, «Сот кабинеті» электронды сервисі, сот органдарының ішкі порталының жұмысы, пошталық идентификаторы бар штрих кодты қолдану барысымен танысты.

 


Back to the list