• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбелік заңгерлер адвокаттардың кәсіптік қызметіне медиацияны біріктіру мәселесін талқылады 10.08.2014

Аталған шараның мақсаты – Ақтөбе облысы Адвокаттар алқасымен бірлесе адвокаттардың кәсіптік қызметіне медиацияны біріктіру және бітімгершілік рәсімдердің халықаралық тәжірибесін енгізу сұрағын зерделеу және талқылау.

Осылайша, медиатор ретінде медиацияға қатысуы адвокаттық қызметтің принципті жаңа түрін және даудың барлық жақтарына адвокаттармен заң көмегін көрсетуді болжайды. Адвокат-медиатор дауды реттеу бойынша өзара тиімді және өзара берекелі келісімге жетуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі таңда «медиатор» мамандығы басқа мамандықтарға қосымша ретінде тіршілік етеді. Медиатор-заңгер, медиатор-психолог, ғылыми-техникалық және өнеркәсіп аясында дауларды ескертумен  және шешумен айналысатын медиаторлар бар.

Батыс елдерінде соңғы жылдары адвокаттардың  адвокат-медиаторға айналуы үрдіс алуда. Медиация адвокаттар үшін күнделікті сотта іс жүргізуден түбегейлі ерекшеленеді. Адвокаттармен медиаторлардың ролдерін атқаруы адвокаттық қызметтің ең перспективті көрінісі деп бағалау қажет.

 Адвокаттардың медиатор ретінде дауды реттеуге қатысуы өзінің жалпы міндеттерін орындаумен қатар, оларға білікті заң көмегін көрсетуді  білдіреді.

Медиатор қызметін жүзеге асыруды кәсіби арнайыландыру туралы шешім қабылдаған адвокаттармен қосымша білім алуды қамтамасыз ету бойынша іліспе сұрақтарды қарастыруды, шешуді қажет етеді.


Back to the list