10.08.2014
Осылайша өнім бағасы Таразда 33%-ға, 120-дан 80 теңге/кг-ға дейін, Қызылордада 23%-ға, 155-тен 120 теңге/кг-ға дейін, Атырауда 13%-ға, 158-ден 138 теңге/кг-ға дейін, Ақтөбеде 11%-ға, 208-ден 185 теңге кг-ға дейін арзандады.
Ашық топырақ жағдайында өсірілген өнімді сату мөлшерінің ұлғаюына байланысты Ақтөбеде қияр бағасы 15%-ға, 100-ден 85 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Сатылымда отандық тауар өндірушілердің картобы мөлшерінің артуына байланысты Шымкент қаласында картоп бағасы 13%-ға, 80-нен 70 теңге/кг-ға дейін, Таразда 12%-ға, 95-ден 60 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Нарықтың отандық тауар өндірушілердің орамжапырағына қанығуына байланысты орамжапырақ бағасы Таразда 22%-ға, 45-тен 35 теңге/кг-ға дейін және Астанада 14%-ға, 64-тен 55 теңге/кг-ға дейін арзандады.
Ақтөбеде нарықтағы өнім көлемінің азаюына және көтерме бағаның 13%-ға, 40-тан 45 теңге/кг-ға дейін артуына байланысты орамжапырақтың бөлшек сауда бағасы 13%-ға, 54-тен 61 теңге/кг-ға дейін қымбаттады.
Сатылымдағы мөлшерінің ұлғаюына байланысты сәбіз Тараз қаласында 22%-ға, 103-тен 80 теңге/кг-ға дейін және Астанада 13%-ға, 177-ден 154 теңге/кг-ға арзандады.