• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жекешелендіру аясында сату  ашықтығы  қамтамасыз етіледі – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті 10.08.2014

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов Strategy2050.kz АА жекешелендіруді өткізудің жоспары жайлы айтып берді.

«Біз Президент қойған тапсырмалардың барлығын орындауға тырысамыз. Мемлекеттік мүлік, республикалық коммуналдық қатынасында сату электронды түрде өтетіндіктен ол 100 пайыз ашықтықты қамтамасыз етеді», - деді комитет басшысы.

Оның айтуынша, электронды алаң сатып алушыларға сатылып жатқан нысанның бүге-шүгесіне дейін ақпарат беріп, сату үрдісіне қатысатын құжаттарды қысқартады.

«Бұл алаң саудаға қатысатындарға өте қолайлы, құжаттар санын қысқартады, сондай-ақ, аталмыш жүйе өзге мемлекеттік органдардың жұмысымен интеграцияланған», - деді ол.

Индира Кауметова


Back to the list