09.08.2014
«Жекешелендірудің екінші толқынына келетін болсақ, біз барлығының сенімін ақтаймыз деп ойлаймын, себебі басты қаруымыз электронды сату болып отыр. Тағы бір басымдылығымыз бағдарламаның өзге қатысушыларымен қарым-қатынас орнатқанымызда. Демек, жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар, ұлттық холдингтар және ұлттық компаниялар», - деді ол.
Сондай-ақ, ол жекешелендірудің екінші толқынында 850 нысанды сату жоспарланған.
«Жекешелендірудің екінші толқыны бойынша 75 ұлттық холдинг сатылатын болады. 75 ұлттық корпорация, 126 коммуналдық жеке меншік нысаны, жалпы 295 нысан болып отыр. 2016 жылға дейін 853 нысан сатылымға қойылған, бірақ бұл тізім үнемі өзгеру үстінде», - деді Э. Өтепов.
Оның айтуынша, жекешелендірудің екінші толқыны аясында сатылымға қоятын нысандардың тізімін біле алатын сатып алушылардың әлеуеті мол. Олар нысанның жағдайы мен бағасын, сатып алу тәртіптерін білуге мүмкіндік алып отыр. Оның барлығы мемлекеттік мүлік оеестрінің веб-порталында жүзеге асады.
Индира Кауметова