08.08.2014
«Элеваторларда 505 бірлік дән кептіргіштер бар, соның ішінде Ақмола облысында - 139, Қостанай облысында - 136 және Солтүстік Қазақстан облысында - 154. 7 тамыздағы жағдай бойынша 482 дән кептіргіш (95,4%) әзірленді. Барлық дән кептіргіштердің тәуліктік өндіргіштігі 353 500 тонна құрайды», - деді С. Хасенов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша астық жинау комбайндарының дайындығы 94% құрады, дестелегіштер – 94%, кептіргіштер – 95%, механикаландырылған токтар – 96%.
«Қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,8 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 209 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11,1 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды», - деді ол.
Индира Кауметова