08.08.2014
«Бүгінде Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында 654,8 мың гектар егістік жиналды, 11,6 ц/га өнімділігімен 759,0 мың тонна астық бастырылды, бұл былтырғы жылғы деңгейден 4,9 ц/га-ға төмен. Жамбыл облысында (8,1 ц/га) дәнді дақылдардың өсіп-өну кезеңіндегі ауа-райының құрғақшылық жағдайларына байланысты өнімділіктің төмен дейгейі белгіленді, - деді деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 13,8 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 209 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Бұдан басқа, АШТӨ-де 11,1 млн. тонна астық сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылық бар. Осылайша, республика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 24,9 млн. тонна құрайды.
Айта кетерлік айт, 102 АҚК (АҚК жалпы санынан 48,8%) тексерілді, олардың ішінде 59-ы дайын деп танылды, ал басқаларына карантиндік, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерден зарарсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу қажеттілігі туралы ескертулер берілді, сондай-ақ жыл сайынғы аудиторлық тексерулер өткізілмеген.
Индира Кауметова