• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Б.Байбек: Қаржылық есептілікті жариялау – партияның кемелденуінің көрінісі 08.08.2014

Соңғы жылдары «Нұр Отанда» ашықтық, есептілік, тиімділік, жауапкершілік принциптері негізінде жаңғыру процесі бастау алғаны белгілі. Осы ұстаным аясында партия бүгін еліміздегі саяси ұйымдар арасында алғашқы болып кіріс пен шығыс туралы есебін жариялады.

«875 мың адамды біріктіріп отырған, ықпалды саяси күш ретінде партиямыз кез келген істе өзгелерге үлгі болуға тиіс деп санаймын. Саяси ұйымдар арасында алғашқы болып өз партиямыздың кірісі мен шығысының есебін ашық ұсынып отырмыз. Қаржылық есептілікті жариялау – партияның кемелденуінің көрінісі», - деді Б.Байбек.

Соңғы жылдары саяси ұйым сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимылға баса мән беруде. Партия 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын жариялап, ол қоғамның талқылауынан өту үстінде.

«Өзіңнен баста!» қағидасымен қаржылық есептілігін паш еткен «Нұр Отан» осы арқылы сыбайлас құқықбұзушылыққа қарсы іс-қимылды күшейтумен бірге, қайырымдылық қорлары мен үкіметтік емес ұйымдарды да жариялылыққа шақырмақшы. 

 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, тамыздың 8-і күні «Нұр Отан» партиясының 2013 жылдың кірістері мен шығыстары туралы толық есебі республикалық «Айқын» және «Литер» газеттерінде жарық көрді. 


Back to the list