08.08.2014
«Ағымдағы жылы астық науқанына 45 мың астық жинайтын комбайн, 156 мың трактор, 15 мың бірлік дестелегіш, 46,8 мың жүк машинасы жұмылдырылады», -деді ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша астық ору техникасының дайындығы 94 пайыз дестелегіш, 95 пайыз кептіру көлігі, 96 пайыз мехникаланған тоқ машинасы қалпында.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 7 тамызындағы жағдай бойынша гүлдеу кезеңінде 7,9 млн га немесе егілген жердің 52 пайызы тұр. Жетілу кезеңінде 7,2 млн га немесе 47,2 пайыз.
Индира Кауметова