08.08.2014
Облыстық статистика департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықтың барлық ақшалай шығыстарының ішінде ең көп бөлігін 89,4 пайыз тұтыну шығыстары, туыстары мен таныстарына материалдық көмек және борышақы – 6,2 пайыз, несие мен қарызды өтеу – 4,4 пайыз салықтарды құрады.
«Атап өтетін жәйт, орташа алғанда тоқсанда бір адам тамақ өнімдерін және алкогольсіз сусындарды сатып алуға 45721 теңге, ет және ет өнімдеріне 18245 теңге, қант, кондитерлік өнімдері және тәттілер 3203, автокөлік құралдары және жеке көлік құралдары үшін жанар-жағар май материалдарына 1616 теңге жұмсалған», - делінген хабарламада.
Тұрғын үй-жайды ағымдағы ұстау және жөндеу үшін материалдарға 412 теңге, дәрі-дәрмектер, емдеу жабдықтары және аппаратураларына 1183 теңге жұмсалыпты.