08.08.2014
«Электронды аукцион веб-порталында 1 тамыздағы жағдай бойынша 2667 қолданушы тіркелді, олардың 2078 жеке тұлға, 174 ЖК, 415 заңды тұлғалар», - деді ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов.
Сонымен қатар, ол бүгінде қолданушылар 120 мыңға жуық рет веб-порталға кірген, деп толықтырды.
«Бүгінгі таңда порталға қолданушылар 120 мыңға жуық рет кірген, орташа есеппен белгілі бір нысан бойынша 147 рет мәліметтер қаралған. Бір аукционға ағылшынша әдіс бойынша 31 қатысушы тіркелсе, голандиялық әдіс бойынша 23 қатысушы ниет білдірген», - деді Эдуард Өтепов.
Айта кетерлік жайт, бүгін Астанада екінші жекешелендіру маусымы аясында аукцион мен тендер электронды форматта таныстырылды.
Индира Кауметова