08.08.2014
« Елбасының 2012 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына сәйкес Мемлекет басшысы Үкіметке стратегиялық нысандарға екінші жекешелендіру толқынын жүргізуге тапсырды. Аталмыш тапсырманы жүзеге асыру барысында өткен жылдың мамыр айынан бастап мемлекеттік мүлікті электронды түрде сату жүйесі енгізілді, ол мемлекеттік мүліктің реестрі веб-порталында жүзеге асады», - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Эдуард Өтепов.
Айта кетерлігі, аталмыш сату түрі қатысушыларды тартуға мүмкіндік береді.
« «Ақпараттық-оқыту орталығы» АҚ құрастырушылары жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңірлік бөлім қызметкерлеріне оқыту жүргізді», - деді ол.
Семинарға мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңірлік өкілдері қатысты.
Семинардың мақсаты аукцион мен тендердің электронды түрде жүзеге асуына негізделген.
Индира Кауметова