• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Э.Өтепов: Үкіметтегі жаңа  тағайындаулардың барлығы орынды 08.08.2014

«Әр тағайындалған басшылар туралы айтарым олар өз істерінің майталмандары. Мен олармен бірге әріптес болған адаммын, сондықтан олардың кәсіби маман  екенін сенімді түрде айта аламын», - деп атап өтті Э. Өтепов.

Сонымен қатар, Э. Өтепов, жекешелендірудің екінші маусымы Бірыңғай электронды сауда алаңының қосылуына байланысты жоғары деңгейде өту керек, деп толықтырды.

«Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларына келетін болсақ, ашық сауда жүргізу үшін біз бірыңғай электронды сауда алаңын қосып үлгердік. Электронды саудадағы тәжірибемізге орай мемлекеттік активтерді жекешелендіру процесі барынша ашық және жоғары деңгейде өтеді деген ойдамыз», - деді .Өтепов.

Комитет басшысы атап өткендей, Үкімет ай сайын 2014-2016 жж жекешелендірудің кешенді жоспарының уақытылы орындалуын тыңдап отыруды жоспарлауда.

«Үкімет ай сайын  сауда саттық нәтижесін тыңдап отыратын болады, сонымен қатар, туындаған проблемалар болса оның шешу жолдарын қарастырады», - деп сендірді Комитет  төрағасы.

Индира Кауметова


Back to the list