• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстандық тауарлар үшін бірыңғай логотипті әзірлеуге конкурс жарияланды 07.08.2014

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бұрын тауарөндірушілер үшін сүйеніш болуы тиіс, өнімнің танымалдылығын арттыра түсетін Қазақстандық логотип әрленімін әзірлеуге конкурс жарияланған болатын.

«Сәтті және есте қаларлық логотиптің болуы – компания табысының негізі болып табылады. Ең алдымен, логотип  - нарықта жайғасудың бірегей құралы. Тұтынушы кез-келген жағдайда көру бейнесін есте сақтайды, сондықтан біз қазақстандық өндірушілердің елімізде және елімізден тыс мемлекеттерде танылатын бірыңғай эмблемасы болғанын қалаймыз», - деді Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі Төрағасы  Қ. Бектүргенев.

«NADLoC» АҚ мәліметтері бойынша, өтінімдер Қазақстанның барлық түкпірінен, жеке тұлғалармен қоса, заңды тұлғалардан да келіп түсуде, конкурс 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады, толық  ақпарат www.nadloc.kz    сайтында.


Back to the list