• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰКП жұмыс істегелі бері 15 мыңға жуық  өтініш келіп түсті – А. Мырзахметов 07.08.2014

«15 мыңға жуық  өтініш бізге, өңірлерге және орталық аппаратқа келіп түскен. 3 мың өтініш  орталық аппаратқа келді, қалғаны өңірлерге келіп түскен. Оның төрттен бірі құқық қорғау саласы бойынша жүгінген. Демек, 25 пайыз өтініш қорғаныс бойынша түсіп отыр. Біз байқағанымыздай, көптеген сұрақ жер қатынасына байланысты келіп түседі», - деді ол.

Оның айтуынша, қазір палатаның жұмысына басқаша бағыт енгізу қарастырылуда.

«Бағыттар әртүрлі. Енді бір ай көлемінде сіздер электронды түрде жер участогін алуға өтініш бере аласыздар. Одан әрі әкімдік ішінде олар өздері бас жоспарға байланысты бос жер телімі бар ма екендігін анықтайды», - деді ол.

Мадина Нұрбекова  


Back to the list