• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ресей қатынасына еніп жатқан санкциялар Қазақстанға әсер етпейді – А. Мырзахметов (ФОТО) 07.08.2014

«Ол санкциялар Қазақстанға тікелей әсер етпейді. Бұл санкциялар Ресей үшін енгізіліп отыр. Бірақ, Ресей біздің басты сауда серіктестеріміздің бірі. Қазір әр түрлі нұсқалар бар. Ресей сарапшылары өсім күтіп отырғандықтарын айтады. Батыс сарапшылары өсу қарқыны байқалмағандығын көрсетіп отыр. Әр түрлі бағалау бойынша қысқа мерзім аясында ЖІӨ 5 пайыз бәсеңдеуі мүмкін», -деді ол.

«Кеше экономика министрі Ерболат Досаев Үкімет отырысындағы өз есебінде экономика министрлігі елдегі жағдайды бақылап, дамудың әр түрлі бағытын қарастыруда екендігін айтты», - деді Мырзахметов.

Сондай-ақ, ол өткен уақыт аралығында белгілі қорытындыға келуге болатынын айтты.

«Бұның барлығы әлі болжамдар ғана, бағалауға тым ерте. Бірақ бұл санкциялар Ресей экономикасының бәсеңдеуіне әкеледі. Бұл біздің тауар айналымымызға ғана әсер етуі мүмкін. Әзірше, ел экономикасына әсер еткен жоқ. Болжамдарды қарап отыру қажет, ол уақыттың еншісінде», - деді ҰКП басшысы.

Мадина Нурбекова


Back to the list