07.08.2014
"Үкімет өз шешімін бірінші съезде жеткізген болатын және оны біз дұрыс деп бағалаймыз. Жасыратыны жоқ, түрлі бағалаулар бойынша 180 млрд теңге айыппұл жинақталып қалды. Жалпы, тұтынушылардың уақытысында өз міндетін атқармағаны туралы түсіністікпен қарауға болатын себептері болады. Алайда, Салық кодексі бойынша салық комтеті бірдей айыппұл жазады. Осы реттте рақымшылық жүргізу ол өте дұрыс қадам. Оларға біз қайтадан жұмыс істеуге тағы бір мүмкіндік береміз",- деді Мырзахметов.
"Сондықтанда біз бұл шешімге қуаныштымыз және нақты әрекеттерді күтудеміз. Біз жыл сайын салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгіземіз. Қазіргі таңда ол талқылануда, ал 1 желтоқсаннан және жаңа жылдан бастап толығымен күшіне енеді. Біздің болжамымыз бойынша 180 млрд. теңгеге рақымшылық етіледі ",- деп ол түйіндеді.
Мадина Нұрбекова