07.08.2014
«Біз адамдарды 11:05-те жергілікті уақыт бойынша құрбандарды еске алуға шақырамыз. Бұл уақытта барлық сағат латынның V әріпін көрсетеді,ол Жеңістің символы. Бұл сонымен қатар барлық ел бойынша ядролық сынақтан қалған қорқынышты жеңудің белгісі болады деп есептейміз», - деді АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков.
2012 жылдың 29 тамызында Астанада өткен «Ядролық сынақтарға тыйым салудан - ядролық қарусыз әлемге» халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде Президент Назарбаевтың атап өткеніндей, «ядролық қарусыз әлем - бұл біздің ортақ мақсатымыз әрі адамзат осыған ұмтылуы керек.
Бүгінгі күні 100 елдің 90 мың азаматы АТОМ жобасының онлайн петициясына қол қойды.
40 жыл ішінде Семей полигонында 450 сынақ жүргізілген, міне осының салдарынан бір жарым миллион адам қасірет көрді. Сондықтан 1991 жылы 29 тамызда Мемлекет Басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ойланбай-ақ, Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлық шығарды. Бірнеше жыл өтісімен, дәл осы күн Халықаралық ядролық сынаққа қарсы әрекет ету күні болып аталды.