07.08.2014
Ауыр және ауырлығы орташа қылмыстардың тіркелуі – 2,9( 169014-тен 155 390-ға) және 9,9 %-ға (26 208-ден 23 605-ке) азайды.
Аса ауыр қылмыстардың - 23,5% (1731–ден 1325-ке), ауыр қылмыстардың - 24% (22 266-дан 16 939-ға), кісі өлтіру қылмысының - 20%(674-тен 539-ға), тонаудың - 27,2% (11 563-тен 8 384-ке), қарақшылықтың - 46,5% (1015-тен 543-ке), бопсалаушылықтың - 23,2% (591-ден 454-ке), есірткі заттарының заңсыз айналымы– 4,9% (2234-тен 2125-ке) төмендеу үрдісі жалғасуда.
Сонымен қатар, ұрлық - 3,5 пайызға (1120 241-ден 116 080-ге) және бұзақылық - 17, 6 пайызға (17 397-ден 14 327-ге) төмендесе, алайда алаяқтық қылмыстың саны - 1,6(21 079-дан 21 425-ке) пайызға артып отыр.
Барлық тіркелген қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі 0,7%-ды (1325), ауыр қылмыстар – 8,6 %-ды (16 939), ауырлығы орташа қылмыстар – 78,8 %-ды (155 390), ауыр емес қылмыстар -11,9 %-ды (23 605) құрады.