• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да  Теңізшевройлмен мұнай саласында ынтымақтастық орнатылды – әкімдік 07.08.2014

Компания Қазақстандағы жиырма жылда мұнай өңдеу саласында өз биігін тапты. Өткен жылдың өзінде 27 миллион тонна мұнай өңдеген. 

 Бұл өткен жылы елімізде өндірілген үштен бір бөлігі. Кәсіпорын өндірісте заманауи техника мен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөледі.

«Теңізшевройл» осы жылдар аралығында бірқатар қазақстандық компаниялармен әріптестік орнатқан. Бірақ, бүгінге дейін солтүстікқазақстандық зауыттармен байланыс болмаған.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов серіктестіктің бас директоры Тим Миллерге біздің  машина жасау зауыттарымыздың әлеуетін бағамдап, әріптестік орнату мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды. Тіпті, әріптестік туралы меморандум жасауға болатындығын да айтты.

Бұдан кейін екі тарап бір-біріне естелікке сыйлықтар табыс етті. Кездесуден соң серіктестік өкілдері облыстың бірқатар зауыттарын аралап, олардың жұмысымен танысты.


Back to the list