06.08.2014
Бұдан басқа, кедендік бақылаудан кейінгі тексеріс нәтижесі бойынша қосымша 179,2 млн теңгеге кедендік төлем мен салық жіберілді.
Сонымен қатар, аймақтық кеденшілері жыл басынан бері тауарларға 13,5 мың декларация толтырды, олардың 98% бір күннің ішінде жіберілді. Осы ретте импорт бойынша тауарларды тазарту уақыты жыл басынан бері екі есе азайып 7 сағ 47 минутты құрады. Ал, экспорт бойынша уақыт 10 минутты көрсетті.
«Жалпы, департамент 23 қылмыстық іс қозғады. Контарбандалық тауарлардың құны қылмыстық іс бойынша 196,7 млн теңгені құрады, олардың ішінде 4 млн теңгенің тауары алынса, 2 млн теңгеге жуығы тәркіленді. Әкімшілік тәжірибе аясында 179 іс қозғалып, 40,3 млн теңгеге айыппұл салынды», - делінген хабарламада.