06.08.2014
«Біз қосымша капиталдандырусыз ішкі ресурстарға сүйенеміз. Бұл жұмыс өз қорытындысын береді, 2009-2011 жылдары операциялық табыс 25 пайыздан 17 пайызға дейін түскен болатын. Оның басты себебі – қордың жеке сектордан уландырғыш активтерді алуына мәжбүр болғанында. 6 айдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 22,7 пайызға өсті. Біз бұл жылды осы көрсеткішпен бітірмекпіз», - деді Шөкеев.
Оның айтуынша, екінші көрсеткіш республикалық бюджетті қаржыландырудың көлемі.
«Ол айтарлықтай төмендеуде. Егер 2010 жылы ол 160 млрд теңгені құраса қазір ол 73 млрд теңгеге тең. Олар Үкіметтің тапсырысы бойынша қатаң қолданылады», - деді ол.
Үшінші көрсеткіш – қатаң саясат нәтижесінде ішкі қарыздың азаюы.
Мадина Нұрбекова