06.08.2014
Аймақтық кәсіпкерлер палатасының бизнеске сервистік қолдау көрсету департаменті Павлодар облысындағы сервистік компаниялардың жұмысына мониторинг жүргізді. Тексеру нәтижесі осы бағыттағы жұмыстың жеткілікті деңгейде жүргізіліп жатқанын көрсетті. Аталмыш компаниялар жақында ғана іріктеліп, жұмыстарына маусым айында кіріскеніне қарамастан аймақтың 155 кәсіпкеріне сервистік қызмет көсетіп үлгерген.
Бұдан басқа, сервистік компаниялардың директорларымен кездесу өтті, онда кейбір түйіткілді түйіндер талқыланды. Мысалы, қызметті сервистік компанияларының өз кеңсесінде жүргізу мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, сарапшылар сервистік компаниялардың қызметінің сапасына байланысты сауалнама жүргізді, кәсіпкерлер тарапынан еш шағым түспеді.