05.08.2014
«Жекешелендіруге қатысу бойынша шектеулер қарастырылмаған. Бар болғаны қатысушылар Жекешелендіру нысандарын сату тәртібінде көрсетілген құжаттарды толығымен ұсынса және нысанның бастапқы құнының 10% көлемінде кепілдендіру жарнасын төлесе болғаны», - делінген хабарламада.
Жеңімпаздың кепілдендіру жарнасы өтем құны ретінде алынатын болады, ал қалған қатысушылардың жарнасы қайтарылып беріледі.
Осы ретте жекешелендірілген нысанның менеджментін жаңа меншік иесі өзі құрады.
Айта кетерлік жайт, мемлекет жекешелендірілген барлық нысандары алдағы уақытта талаптардың орындалуын сақтау үшін қадағалап тұрады.