05.08.2014
Қазіргі таңда қалада көшелердің кешенді жөндеуі жүруде, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары қалпына келтірілуде. Егер де өткен жылы 8 аула жөнделсе ағымдағы жылы тағы 3 аула жөнделмек.
Сондай-ақ, 6 тұрғын үйге терможаңғырту жүргізіледі. Тағы 18 үйдің жөнделуіне құжаттар дайындалуда.
Сондай-ақ, қалада жылу маусымына дайындық қарқынды жүруде. Орталық қазандықта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар үшін 434 млн теңге бөлінді.