05.08.2014
Қаржы министрлігінен хабарлағандай, мемлекеттік сыңайлы секторға бөлінген қаржы әрқашан тиімді игеріле бермейді. Сондықтан да, мемлекеттік тапсырысты орындау барысында жеке меншік компаниялар мен кәсіпорындардың мүмкіншілігін бағамдап көру керек. Олар мемлекетттік тапсырысты әрі арзан, әрі сапалы орындай алады.
Мемлекетттік органдардың қарамағындағы кәсіпорындар мемлекеттік тапсырысты алады. Бұл өз кезегінде жеке меншік бизнеспен әділетсіз бәсекелестікті орнатады. Бұл олқылықтың орнын толық кәсіпкерлер үшін өте тиімді және ол ШОБ дамуына тың серпін береді.
Оның үстіне, мемлекет өз үлесі бар компанияларды жекешелендіру арқылы бәсекелестік ортадағы өзінің қатысуын азайтады. Ал, жаңа акционерлер біріншіден, дайын бизнесті алса, екіншіден оны одаа әрі дамытуда өз алғырлығын көрсете алады, үшіншіден олар бірден жоғары білікті мамандармен жұмыс істейді.