• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Биыл Қызылорда облысында 30 мектеп ашылады 05.08.2014

Мемлекет басшысының қолдауымен Шиелі ауданы Бестам елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Бұрынғы мектептің ғимараты ескі, жағдайы нашар болғанды.

Білім ордасының лентасы салтанатты түрде қиылып, ақсақалдар ақ батасын берді. Қазіргі таңда 70 мұғалім дәріс беріп, 378 оқушы білім алуда.

«Білім саласы басты назарда. Білімге құйылған қаржы - болашаққа салынған инвестиция. Облыста 25 апатты жағдайдағы білім ордасы бар. Соның 14-ін биыл жаңадан салып жатырмыз. Қалғаны келер жылы аяқталады. Балабақшамен қамту көрсеткіші 90 пайыз. Келер жылдың соңына дейін бұл мәселеде түпкілікті шешімін табады, - деді аймақ басшысы.

Мектепте 20 оқу кабинеттері, 2 компьютер кабинеті, 2 шеберхана, 1 мәжіліс залы, 1медпункт, 1 спорт залы жұмыс жасайды. Асхана 114 орындық, мұнда 104 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

 

 


Back to the list