05.08.2014
Егіc көлемі өткен жылмен салыстырғанда 22 мың га. артып, бүгінгі күнге 794,0 мың га. ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды.
Тамшылатып суғару әдісін қосымша 9165 гектар жерге ендіру жоспарланып, ағымдағы жылдың 6 айында 5 317 га. ендіріліп, жалпы көлемі 32,1 мың га жетті.
Облыс бойынша қосымша 120 га. жерге жылыжай салу межеленген болса, тапсырма 65,4%-ға орындалып, 78,5 га алқапқа жылыжайлар салынды. Жылыжайлар көлемі 798,5 га жетті.
Терең қопсыту технологиясы 37,1 мың га. ендіру жоспарланып, есеп беру кезеңіне 123,8% артығымен орындалды .
Сонымен қатар 3,0 мың га. құрайтын дәнді дақылдарға нольдік технологияларды енгізу жоспары толығымен орындалды.
Ағымдағы жылдың алты айында облыс бойынша қоймалардың жалпы сиымдылығы 200,0 мың тоннаға жетті. Қайта өңдеу саласы бойынша 1-ет, 3-сүт өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар іске қосылды. Нәтижесінде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда қайта өңдеу көлемі 7% артып 64,1 млрд.тг. құрады. Нақты көлемі 101,1 % артты.