• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Азия бойынша отандық тауары  халықаралық талаптарға сәйкестендірілген көшбасшы мемлекет болады- Қанешев 05.08.2014

"Ауқымды шараның мақсаты 2016-2020 жылдарға арналған ISO Стратегиясы жөнінде ұсыныстар әзірлеу, зияткерлік меншікті қорғау мәселелерін талқылау, клиент мұқтаждығын қанағаттандыру. Сондай-ақ алқалы жиында ISO қатысушы елдердің нарықтық ұлттық стратегияларын дамытудың өзекті мәселелері де талқыланады ",- деп атап өтті Қанешев.

Оның айтуынша, ISO стратегиясының қазіргі кезеңінде экологиялық талаптарға сай инновацияны дамыту - басты талап.

«Осы тұрғыдан барлық жаңа стандарттар алынып қаралатын болады. Бізде міндеттті талаптар мен ерікті талаптар жүйесі бар. Кәсіпорындар да өздерінің қалауы бойынша ерікті талаптарды қабылдап, соны орындауға тырысады»,- деп ол толықтырды.

Оның мәліметі бойынша отандық ұлттық стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру бойынша арнайы бағдарлама жасақталуда.

«Рас, бұл бағдарлама жасақталуда, ол аздай Қазақстан мен ISO арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою ұсынысы да жасалды. Қазақстан Орталық Азияда отандық тауар стандарты халықаралық талаптарға сәйкестендірілген көшбасшы мемлекет болуды жоспарлауда», - деп түйіндеді Қанешев.

Мадина Нұрбекова


Back to the list