• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жамбыл облысында 2014 жылы 17 елді-мекен көгілдір отынмен қамтылды 05.08.2014

«Ағымдағы жылы аймақтағы 17 елді-мекенге көгілдір отынды тартуды көздеп отырмыз. Бүгінде 2013-2014 жылдар аралығы бойынша 4 ауданның жобалық-сметалық құжатнамасы дайындалып, 453 млн. теңгеге республикалық бюджетке өтініш берілді. Негізі, 4 ауданның елді-мекендеріне газ тарту жұмысының жалпы құны 9 млрд теңге», - делінген хабарламада.

Табиғи газбен Қордай мен Шу аудандарының 36 елді-мекені және Шу қаласының өзіне беріледі.

Өткен жылы Сарысу ауданы бойынша Қаратау қаласынан Жаңатас қаласы ме саудакент ауылына дейін көгілдір отын жүргізу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасалған болатын. Жобаның құны 49 млн. теңгені құрады. Бұдан басқа Шу ауданының 222 ауылы бойынша да жалпы сомасы 16 млн теңгеге техникалық-экономикалық негіздеме жасалды.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы 373 елді-мекеннің 122-не газ берілген немесе халықтың 34,2%, дәлірек айтсақ 600 мыңнан астам адам көгілдір отынмен қамтылған. Осылайша жыл соңына дейін 139 ауыл немесе халықтың 37,2% таби,и газбен қамтылады.


Back to the list