04.08.2014
«Бүгінгі таңда Қазақстанда ДСҰ аясында ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бойынша үлкен жұмыс жасалуда. Бұл сауда саласындағы техникалық кедергілерді алып тастаудағы қосымша шарттардың бірі», - деді Занғал Ноғайбай.
Сонымен, Қазақстандан бүгінде ISO-ның 16 техникалық комитетінің толыққанды мүшесі.
«Жалпы, Қазақстанда жыл сайын ISO стандартына сәйкестендірілген 100 ұлттық стандарт жасақталады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады»,- деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) ұйымдастыруымен Орталық Азияның, Шығыс және Орталық Еуропаның стандарттау жөніндегі ұлттық органдарының басшылық ететін атқарушы директорларының ISO форумы қарсаңында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ISO бас хатшысы Роб Стильмен кездесу өткізді.
Мадина Нұрбекова